top of page

                Тілім - тұғырым

                         (Эссе)

                        Тілім менің, ана тілім, бай тілім,

                        Сәби кезден сөйлейтұғын бал тілім.

                        Құрсағында анашымның қыбырлап

                        Кіндік қанмен бойға сіңген жан тілім.

       Әрине, бұл менің ана тілім- қазақ тілі жайлы өлең шумағы. Қазақ тілі жайлы ата-бабамыздан, ақылгөй даналарымыздан келе жатқан терең ойлы сөз маржаны, мақал-мәтелдер, қазыналы алтын сандығымыз төрімізде жиюлы тұрғандай. Қажет кезінде аузын қастерлеп ашып, көркемдеп қолдана беруге болатындай көрінеді. 

       Мен өзімнің қазақ қызы екендігіме, ана тілім қазақ тілі екендігіне мақтанамын. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту деген екен батыр атамыз Бауыржан Момышұлы. Осындай ұлылардың ұлағатты сөздерінен кейін тіліміздің қаншалықты қымбат, баға жетпес байлық екенін түсінесің. 

     Тәуелсіздіктің арқасында мәртебесі көтерілген, асқақтаған тілімізді сақтау, дамыту, келешек ұрпаққа оқытып үйрету біздің міндетіміз. 

      "Тіл өнері дертпен тең" деген сөзді ұлы Абай тегін айтпаған. Қазақстанда тұрсақ та әлі күнге дейін тілін бұрмалап, шұбарлап сөйлегенді сәнге айналдырған қатары азаяр емес. Тіпті мүлдем өзінің қазақ тілін білмейтін қандастарымыз қаншама. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" - деген дана сөздің мәні дәл қазіргі кезеңге дөп келеді.

        

   

bottom of page