top of page

«Шындық детекторы» ойыны

Базалық деңгей А2  тобы тыңдаушыларына  «Ауыспалы осы шақ» грамматикалық тақырыбына қатысты   «Шындық детекторы» ойынын жүргізуге болады. Ойын сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.

Тыңдаушыға 9-10 сұрақ қойылады. Тыңдаушылар оның 9-на дұрыс жауап береді де, біреуіне жалған жауап береді. Қалған тыңдаушылар жалған жауапты анықтаулары қажет.Шарты: Жауап беру барысында  сөйлемді болымды немесе болымсыз түрде толық жауап беру міндетті.

1. Сізге өз қызметіңіз ұнай ма?

2. Сіз жұмыста жиі шай ішесіз бе?

3. Құжаттармен күні-түні жұмыс істеген ұнай ма?

4. Жұмыстан сағат алтыда қайтасыз ба?

5. Сыйақыңызды үнемі жолдасыңызға бересіз бе?

6. Сіз сенбі, жексенбі күні де жұмыс істейсіз бе?

7. Сіз жұмысқа үнемі кешігесіз бе?

8. Үйге тек таксимен қайтасыз ба?

9. Бөлім басшысымен жиі ұрсысасыз ба?

10.Сіз басқа жұмысқа ауысасыз ба?

 

Орта деңгей В1 тобы тыңдаушыларына  «Өз үйім - өлең төсегім» тақырыбына қатысты   «Шындық детекторы» ойынын өткізуге болады.

Шарты: Жауап беру барысында сөйлемдерді қалау райда болымды немесе болымсыз  түрде жауап беру міндетті.

 

1. Сіз миллионердің үйін сатып алғыңыз келе ме?

2. Үйіңізге жөндеу жұмыстарын жүргізгіңіз келе ме?

3. Сіз жатақханада тұрғыңыз келе ме?

4. Үйіңізді сатқыңыз келе ме?

5. жиһаздарды терезеден лақтырғыңыз келетін кездер бола ма?

6. жаңа үйіңізді досыңыздың туған күніне сыйлағыңыз келе ме?

7. қабырғаны ақ балшықпен ақтағыңыз келе ме?

8. Еденге паркет төсегіңіз келе ме?

9. Киіз үйде тұрғыңыз келе ме?

10. Үй салғыңыз келе ме?

Напишите мне, буду рад сотрудничеству:

  • Facebook - Grey Circle
  • Twitter - Grey Circle
  • Google+ - Grey Circle
  • LinkedIn - Grey Circle

«Аукцион» ойыны

Орта деңгей В1 тобы «Адам көркі – шүберек» тақырыбын өту барысында топта «Аукцион» өткізу. Тыңдаушылардың біреуі аукцион жүргізеді. Бәссаудаға атақты адамдардың киім-кешектері, сырт киім, бас киім, аксессуарлары, жеке заттары тігіледі. Қалған тыңдаушылар заттарды қойған кезде саудаласу қажет. Аукционды жүргізуші: Құрметті мырзалар мен ханымдар! Бүгінгі аукционда аты әлемге әйгілі қазақстандық боксшы Серік Сәпиевтің бокс қолғабы тігіледі. Алғашқы баға 1 миллион теңге. Өте ыңғайлы! Бұл бокс қолғабын алған да арманда алмаған да арманда!

«Кір жаямыз» ойыны

Базалық деңгей А2  тобы тыңдаушыларына  «Уақыт.Сағат» тақырыбына қатысты  «Кір жаямыз» ойынын ойнату арқылы сөйлем құрату. Қажетті заттар: жіп, кір қысқыш, сөздер жазылған А4 қағаздары.

Мысалы: тоғызда\ сағат\өткізеді\бастық\жиналыс

Отлично! Сообщение получено.

bottom of page