top of page

Қазақ тілін оқытуда электронды тестілеудің мүмкіндіктері мен басымдылықтары

 

Қазақ тілін оқытуда тіл үйренушілердің білім деңгейін бақылау және бағалау үшін тест жүйесін қолданамыз. Бұл тіл үйренушілердің білімін тексерудің бірден-бір тиімді жолы болып табылады.

         Тест негізінен ағылшынның «test» - зерттеу, тексеру, бағалау, бақылау деген сөздің мағынасын береді. Ендеше, тесті біз тіл үйренушілердің білімін тексеру, бақылау үшін жүргіземіз. Тест - тіл үйренушілерге бақылау жүргізудің ең заманауи түрі. Тест сұрақтарын құруда көп нәрсеге көңіл бөлу қажет. Тест тапсырмалары тіл үйренушіге таныс, оқу бағдарламасында берілген мәселелерді қамтуы тиіс. Жауаптарда екіұшты, бірін-бірі қайталайтын түрлері болмау керек. Тест сұрақтары мәтіннің мазмұнын толық қамти алатындай сөйлемі қарапайым, түсінікті болуы тиіс. Тіл үйренуші тест сұрақтарын оқығанда бірден түсініп, нақты жауап іздейтіндей жағдайда болуы керек.

         Бүгінгі күні қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында – КАЗТЕСТ жүйесі енгізіліп отыр. КАЗТЕСТ жүйесі халықаралық тіл білу деңгейін бағалаудың TOIEFUL, DALF, CELI  негізінде қалыптасқан. Біздің орталықта да бұл жүйені өз іс тәжірибемізде кеңінен қолданып жатырмыз.

         Бүгін сіздердің алдырыңызда өз іс тәжірибемізде тест жүйесін қалай қолданып жатқанымыз жайлы айта кетейін. Күнделікті сабақ жүргізу барысында тест тапсырмалары арқылы мәтін мазмұнын меңгерту, сөздік қорларын молайту үшін, модульді қорытындылауда тест жүйесін жүйелі түрде жүргіземіз:

I. Оқылым бойынша мәтінмен тест жүргізу.

II. Тыңдалым бойынша тест алу жұмыстары.

III. Сөздерді суреттер арқылы меңгерту тесті.

IV. Қорытынды сөздік тесті.

I. Оқылым бойынша мәтінмен тест жүргізу.

Мәтінмен жұмыс жүргізгенде тест алу арқылы тіл үйренушінің мәтінді қаншалықты меңгергендігін аңғарамыз. Мәтіннің мазмұнын бекітуде лексикалық, грамматикалық, логикалық тест тапсырмалар жүйесін құрамыз және тестілеу бағдарламасының көмегімен мәтін бойынша тест дайындап, іс жүзінде қолданамыз. Мәселен, базалық деңгейде «Мемлекеттік қызметке орналасу» мәтінімен жұмыс жүргізгенде пайдаландық. Тапсырмаларды түрлендіріп, лексика, грамматикалық, логикалық сұрақтарды өзгертіп беруге болады.

Тестілеу бағдарламасының тиімділігі тест жұмысын орындауға таймер қойылады. Сұрақтың көлемі, тіл үйренушілердің деңгейі, материалдың ауқымдылығы ескеріледі. Мысалы, 10 сұраққа 2 минутқа таймер қойсақ,  20 сұраққа 4-5 минут қоюға болады. Осы уақыттың ішінде тіл үйренушілер уақытты үнемдей отырып өткен материалдар бойынша мәтіннің мазмұнын еске түсіріп, тестке дұрыс жауап беріп үйренеді. Себебі, бірінші белгіленген уақытта жіберілген қателерді «балды жоғарылату» командасы арқылы қайта орындап шығуға болады. Бұл да тіл үйренушінің есте сақтау, білімін жүйелеуге көмегін тигізеді.

II. Тыңдалым бойынша тест алу жұмыстары.

         Тыңдалым шағын диалог, ұзақ диалог және монологтан тұрады. Тапсырмалар мазмұны: сұрақ-жауап, сөйлемді аяқтау, қысқа жауапты тапсырмалар, сәйкесін атау, дұрыс сұрақ қоя білу, мәтінге тақырып қою. Аудиомәтін тіл үйренушілердің геңгейіне сәйкес бейімделіп беріледі. Өтілген тақырыпқа сай, ұқсас материал алыну керек. Мәселен, базалық деңгейдің модульдік тақырыбыұлттық салт-дәстүрмен байланысқан. Бұл модульде «Ұлттық салт-дәстүрлер», «Ұлттық тағамдар» тақырыпшалары берілген. Осы материалдарды жүйелеу, қорытындылау мақсатында мына диалог бойынша лексика-грамматикалық тест өткіздік.

         Бұл диалогта салт-дәстүр атаулары, тағам атаулары күнделікті тұрмыстакезігетін репликалар кездеседі. Тыңдалым өткізе отырып тіл үйренушінің тыңдап түсіну дағдылары қалыптасу қажет және тест тапсырмалары арқылы қаншалықты түсінгенін анықтай аламыз. Тыңдалым бойынша да тестілеу бағдарламасын пайдаланған қолайлы. Себебі, уақыт үнемделеді, тіл үйренушінің қатесін бірден анықтап, біле аламыз. Осы принцип бойынша басқа да тестілеу бағдарламасын тиімді пайдалануға болады. Бұл тестілеу бағдарламасының тиімділігі, тіл үйренуші тест тапсырмасын орындай отырып, өз қатесін бірден анықтайды, әр дұрыс жауапқа ұпай саны беріледі және тест жұмысы аяқталған соң тіл үйренушінің білімі пайыздық көрсеткішпен бағаланады.

III. Сөздерді суреттер арқылы меңгерту тесті.

         Сурет арқылы  тест жүргізген өте қолайлы. Біріншіден, тіл үйренушілердің қызығушылығын арттырады, иллюстративті әдемі суреттер есте жақсы сақталады, танымдық, логикалық ойлау, сөздерді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастырады. Атап айтсақ, қарапайым топ тыңдаушыларына «Руханият» электронды оқулығынан «Киім» тақырыбында ойын түрінде тесті пайдаланамыз. Яғни, диктор киім атауларын атап отырса, тыңдаушы сәйкесінше киімдердің суреттерін белгілеп отырады.

IV. Қорытынды сөздік тесті.

         Сөздік тесті сөздік қорларын молайту, тексеру, байыту мақсатындағы жүргізілетін тест. Бұл тестің алатын орны зор. Бұл тесті әр деңгей тыңдаушыларына пайдаланған тиімді. Орталықтың қарапайым деңгейге арналған оқулығының материалдарын меңгертуде әр модуль сайын 50 сөзден -100 сөзге дейін үйрету мақсаты қойылған.

         Сөзімнің соңында, өз іс-тәжірибемізде тест жүйесін тиімді пайдалану мақсатында тестің бірнеше түрін оқып зерттеп, жүйелі пайдаланып, тиімділігін анықтадық:

- тест жүйесі уақытты үнемдейді, жылдам және дұрыс жауап беруге дағдыландырады;

- тілді меңгертуде тіл үйренуші білім нәтижесін бірден көре алады;

- тест жүйесі бірнеше тіл үйренушінің білімін бір мезгілде анықтайтын әмбебап тәсіл;

- тест жүйесі бір модульді немесе тақырыпшаларды тексеруді, бекітуді қамтиды;

         Өздеріңіз көріп отырғандай тест жүйесінің мүмкіндіктері мен басымдықтары мол. Сондықтан, инновациялық ақпараттық технология  түрлерін сабақтарымызда тиімді пайдалана білсек өз нәтижесін берері анық.

 

 

«Республикадағы мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының жұмысын жүйеге түсірудің ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелері» ғылыми- практикалық конференция

Астана -2011ж

                                     Қазақ тілін ән арқылы үйрету

Кезінде белгілі педагог Ян Амос Коменский: Музыканы түсінбеген адам сауатсыз адаммен тең, - деген. Жалпы, музыка   адамның сезімі мен эмоциясына әсер етеді. Тіл үйренушінің тек сана-сезіміне ғана емес, сондай-ақ оның эмоциясына да әсер еткен жағдайда оқытудың практикалық, білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарын шеше аламыз.

Қазақ тілін үйренуде әннің орны қандай екен?

1. Музыка шығармашылығының маңызды жанрларының бірі ретінде ән жанры сол елдің тілін үйренуде оның әлеуметтік тұрмысының әрқилы тұстарын неғұрлым дәл және көрнекі түрде бейнелеп көрсетеді.

2.Ән коммуникативтік қызмет атқара отырып,  адамның      ақыл-ойына ықпал етеді.

3. Әнді үй шаруасын жасап жүріп те, көшеде плеермен жүріп те тыңдауға болады. Бұл тек жеке сөздерді ғана емес, тұтас фразалар мен сөйлемдерді есте сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге музыка арқылы дауыс ырғағы мен  дұрыс дыбыстауға үйренеді.

4.Ән тілдесім  ретінде сөздік қорды меңгерудің  таптырмайтын құралы болып табылады. 

5. Ән үйренуде грамматикалық құрылымдар  жақсы игеріледі.

6. Ән тіл үйренушінің музыкалық қабілетін арттырады және  әнді дұрыс орындауға әсер етеді. Мәтіні шағын, әуені күрделі емес әндерді жаттап үйренуде жиі қайталау арқылы сөйлеу артикуляциясын, дұрыс дыбыстауды, фазалық екпінді, ырғақ ерекшеліктерін, т.с.с. дағдыларды бекітуге мүмкіндік туғызады.

7.Ән тыңдаған кезде тіл үйренушінің психологиялық хал-ахуалы жақсарады, эмоционалды құштарлығы (тонус) арта түседі,  тілді үйренуге деген қызығушылығы артады.

8.Ән  монолог немесе диалог құрғанда тіл үйренушіні  ынталандырады, адамның сөйлеу  және ойлау қабілетін дамытудың негізі болып табылады.

Деңгейі      Базалық

Лекикалық тақырып

Қазақ тілін ән арқылы оқыту

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

Дәстүрлі емес

Мақсаты

Әннің мәтіні негізінде қазақ тілін үйрету, лексикалық қорларын молайту, танымдық қабілеттерін арттыру;

Тіл үйренушілердің  сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, әнді еркін орындауға үйрету;

Тіл үйренушілерді жас әншілермен, әннің толық мазмұнымен таныстыру арқылы қазақ әндеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақта қолданылатын технологиялар

ақпараттық технологияның элементтері, ойын технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, проблемалық оқыту технологиясы

Қолданылатын әдістер

Интербелсенді әдіс-тәсілдер, сұрақ-жауап, баяндау, караоке, ойын әдістері

Сабақтың көрнекілігі

Бейнетүсірілім, караоке, таратпа материалдар, слайд, интерактивті әдіс

Сабақ барысы:

I.Психологиялық тренинг

Мақсаты: Жағымды психологиялық орта қалыптастыру

«Жылулық шеңбері» бір-біріне жақсы сөздер айтып,  көңіл-күйлерін көтереді. Мысалы: Мадина сен әдемісің, ақылдысың, көріктісің!

II. Жаңа сабақ

Сабақтың басында суреттерді көрсетіп және жетекші сұрақтар қоя  отырып, проблема тудыра отырып сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

Ең  алдымен  слайдта берілген суреттерге  сұрақтар қойылады:

Мына суреттерден нені көріп тұрсыздар?

Кімдерді көріп тұрсыздар?

Ендеше, бүгінгі сабағымызда қазақша  ән айтуға үйренеміз.

Қайрат  1989 жылы 25 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Мұқағали Мақатаев атындағы №138 мектеп гимназиясында, Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде білім алған. Анасының есімі Гүлзира, Әкесінің есімі Нұртас.
Жұбайының есімі Жұлдыз, Сезім және Алуа есімді егіз екі қызы бар. Әндері: Үнсіз жүрек, Сен, Қыздар-ай, Аңсағаным, Мама, Әке туралы жыр т.б.

III. Мәтінмен жұмыс.

1. Әнді тыңдату .

( «Ойлама» әнінің бейнетүсірілімін көрсету)

Тыңдаушылардың әнді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру қажет. Әннің мәтініне  назар аудара отырып,  әннің не туралы екендігін анықтайды.

Қайрат Нұртас және Бақыт Алтайдың орындауындағы  «Ойлама» әнін тыңдату

 

1. Оқылым

Мәтінмен жұмыс түрлері жүргізіледі. Мәтінді мәнерлеп оқу, төл дыбыстарын дұрыс дыбыстау дағдысын қалыптастыру.

 

                     Ойлама

Қайрат  Нұртас    Бақыт Алтай

1.Төгіп көзден жақұтыңды,

    Жоғалттым деп бақытымды, ойлама.

    Кірпік қақпай айлы түнде,

    Деп құшағын жайды кімге, ойлама.

    Ойлағаның бекер ме  екен,

    Бәрі жаным өтер-кетер, жай ғана.

    Шын сезімге жоқ тиым,

    Бұл өмір жолы қиын, болса да.

    Талмайды көп атқан таңнан,

     Өз бақытын тапқан жандар, қаншама.

   Қосылып:

Қатар ұшқан бақ құсыңмен,

Өткеніңді сағынарсың.

Жүрегіме шоқ түсірген

Көктеміңді сағынарсың.

Серік етіп сары күзді,

Жалғыздықтан жабығарсың.

Тағдыр қосса жолымызды

Сағыныштан арыларсың.

 

2.Күн келеді тағы да анық,

    Бізге деген бағын алып.

    Бірі мұңсыз, бірі мұңды,

    Сезім деген тұнығыңды лайлама.

    Мұңға батып жаным жүдеп,

     Тағдыр жолы тарылды деп, ойлама.

 

2. Аударма жұмысы

                             Не думай

     1. Не лей понапрасну слезы \Не роняй бусинок с глаз\,

 Не думай, что счастье потеряно.

Лунной ночью, не смыкая глаз,

Не думай, что другая в моих  объятиях \ раскрываю\

Понапрасну так переживаешь,

Душа моя, ведь все проходит

Просто-напросто

По-настоящему любить не запретишь,

Все же жизненный путь труден.

Неустанно ждут рассвета

        Счастливые влюбленные.

Вместе: 

С птицей счастья, паря в выси,

Тоскуешь по пройденным \ушедшим\ дням.

С тоской вспоминаю весну,

Которая зажгла огонь в моем сердце.

Вместе с золотой осенью

Унываешь\ грустишь\ от одиночества.

Если судьба сведет наши пути,

Не будет повода для грусти / печали /.

 

     2.Настанут дни за днями,

Принося свои удачи.

То в унынии, то без грусти

Пусть чувство сохранится чистым. 

Пусть не страдает душа, в печали и раздумьях,

Не думай, что судьба преподнесла трудности.

 

3. Лексикалық  жұмыс.

1.жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастыру

2. сөз тіркестерімен сөйлем құрастыту

3. өлең жолдарын құрастыру

4. сөз тіркестерін орысшадан қазақшаға, қазақшадан орысшаға  аудару жұмыстары

 

Жақұт

Көзден

Ойлама

Кірпік қақпай

Айлы

Түнде

Құшағын

Кімге

Ойлағаның бекер

Бәрі

Жаным

Өтер-кетер

Шын сезімге

Жоқ тиым

Бұл өмір жолы

қиын

Драгоценный камень (бусинка)

Из глаз

Не думай

Не смыкая глаз

Лунная

Ночью

Объятие

Кому

понапрасну переживаешь

все

душа моя

просто-напросто

по настоящему любить

не запретишь

этот жизненный путь

труден

 

3.1.  «СӘЙКЕСІН ТАП» ОЙЫНЫ.

 

Төгіп көзден

 

 

 

 

 

Айлы түнде

Жоғалттым деп

Беке ме екен

Кірпік қақпай

бақытымды

Деп құшағын

Өтер-кетер

Ойлағаның

жақұтыңды

Бәрі жаным

Жоқ тиым

Шын сезімге

Жайды кімге

 

3.2. Тапсырма.

Тапсырма:Әнді тыңдай отырып, көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән дыбыстарды қойыңыз.

 

1. Төгіп к...зден жақ... тыңды,

    Жоғалттым деп ба...ытымды, ойлама.

    Кірп...к қақпай айлы т...нде,

    Деп құша...ын жайды кімге, ойлама.

    Ойла...аның бекер ме  екен,

    Б...рі жаным өтер-кетер, жай ғана.

    Шын сез...мге жоқ тиым,

    Бұл өм...р жолы қиын, болса да.

    Талмайды к...п атқан та...нан,

     Өз ба...ытын тап...ан жандар, қаншама.

     

   Қосылып:

Қатар ұш...ан бақ қ...сыңмен,

Өткені...ді са...ынарсың.

Жүрег...ме шоқ түсірген

Көктеміңді сағынарсы....

Серік етіп сары к...зді,

Жалғызды...тан жабығарсың.

Та...дыр қосса жолымызды

Са...ыныштан арыларсың.

 

2.Күн келеді та...ы да анық,

    Бізге деген ба...ын алып.

    Бірі мұ...сыз, бірі мұңды,

    Сезім деген тұны...ыңды лайлама.

    Мұң...а батып жаным жүдеп,

     Та...дыр жолы тарылды деп, ойлама.

 

3.3. Тапсырма.

Тапсырма: Әнді тыңдай отырып, көп нүктенің орнына септік жалғауларын қойыңыз.

1.Төгіп көз ...    жақұтың ...   ,

    Жоғалттым деп бақытым ...    , ойлама.

    Кірпік қақпай айлы түн ...,

    Деп құшағы...  жайды кімге  , ойлама.

    Ойлаға ...   бекер ме  екен,

    Бәрі жаным   өтер- кетер, жай ғана.

    Шын сезім ...  жоқ тиым,

     Бұл өмір жолы  қиын, болса да.

     Талмайды көп атқан  таң...  ,

      Өз бақыты...  тапқан жандар, қаншама.

     

   Қосылып:

Қатар ұшқан бақ құсың ... ,

Өткенің ...   сағынарсың.

Жүрегім ...  шоқ түсірген

Көктемің ...   сағынарсың.

Серік етіп сары күз ... ,

Жалғыздық ...  жабығарсың.

Тағдыр қосса жолымыз ...

Сағыныш ...  арыларсың.

 

2.Күн келеді тағы да анық,

    Біз ...  деген бағы ...  алып.

    Бірі мұңсыз, бірі мұңды,

    Сезім деген тұнығың ...  лайлама.

    Мұң ...  батып жаным жүдеп,

     Тағдыр жолы тарылды деп, ойлама.

3.4.  Тапсырма.

Тапсырма: Суреттердің орнына, тиісті сөздерді жазыңыз.       

1.Төгіп       жақұтыңды ,

    Жоғалттым деп бақытымды  , ойлама.

        қақпай   

    Деп құшағын  жайды кімге, ойлама.

    Ойлағаның   бекер ме  екен,

    Бәрі жаным   өтер- кетер, жай ғана.

    Шын сезімге  жоқ тиым,

     Бұл өмір жолы  қиын, болса да.

     Талмайды көп   

      Өз бақытын тапқан жандар, қаншама.

Қатар ұшқан бақ 

Өткеніңді   сағынарсың.

         түсірген

  сағынарсың.

Серік етіп сары 

Жалғыздықтан  жабығарсың.

Тағдыр қосса

Сағыныштан  арыларсың.

2.    келеді тағы да анық,

    Бізге  деген бағын  алып.

    1-і мұңсыз, 1-і мұңды,

    Сезім деген тұнығыңды  лайлама.

    Мұңға  батып жаның жүдеп,

     Тағдыр жолы тарылды деп, ойлама.

 

3.5.  Тапсырма.

   Тапсырма: Артық сөзді тап.

 

   Төгіп көзден  (жақұтыңды, алтыныңды, күмісіңді)

    Жоғалттым деп (бақытымды, арманымды, махаббатымды)

    Кірпік қақпай (айлы түнде, жұлдызды түнде)

    Деп (құшағын жайды,  дастарханын жайды) кімге

    Ойлағаның бекер ме  екен,

    Бәрі (жаным, күнім) өтер- кетер, жай ғана.

    (Шын, ақ) сезімге жоқ тиым,

    Бұл өмір жолы (қиын,ауыр)  болса да.

    Талмайды көп (атқан таңнан, батқан таңнан)

     Өз (бақытын тапқан, сүйгенін тапқан) жандар, қаншама.

        

         Қатар ұшқан (бақ, алтын) құсыңмен,

         Өткеніңді сағынарсың.

         Жүрегіме (шоқ, оқ) түсірген

         (Көктеміңді, күзіңді) сағынарсың.

         Серік етіп (сары, жасыл)  күзді,

         Жалғыздықтан жабығарсың.

         Тағдыр қосса (жолымызды, бағымызды)

         Сағыныштан арыларсың.

   

    (Күн, ай) келеді тағы да анық,

    Бізге деген (бағын, махаббатын) алып.

    Бірі мұңсыз, бірі мұңды,

    Сезім деген тұнығыңды лайлама.

    Мұңға (батып, толып) жаным жүдеп,

    Тағдыр жолы (тарылды, кеңейді)  деп, ойлама.

 

4. Сабақты бекітуге арналған жаттығулар

Тапсырма: Әнді тыңдай отырып, көп нүктенің орнына түсіп қалған сөздерді жазыңыз.

 

1.Төгіп көзден    ...                ,

    Жоғалттым деп     ...         , ойлама.

    Кірпік қақпай    ...             түнде,

    Деп    ...           жайды кімге, ойлама.

    Ойлағаның   ...       ...      ,

    Бәрі    ...        өтер- кетер, жай ғана.

    Шын       ...         жоқ тиым,

     Бұл   ...     ...        қиын, болса да.

     Талмайды көп    ...         ...      ,

     Өз      ....       тапқан жандар, қаншама.

     

   Қосылып:

Қатар ұшқан   ...       ...     ,

Өткеніңді сағынарсың.

Жүрегіме   ...       ...

 ...              сағынарсың.

Серік етіп   ...       ...         ,

 ...                   жабығарсың.

Тағдыр қосса      ...

   ...                   арыларсың.

 

4.1. Сабақты бекітуге арналған  жаттығулар

Тапсырма: Әнді тыңдай отырып, көп нүктенің орнына ән жолдарын жазыңыз.

1.Төгіп көзден жақұтыңды,

    ....

    Кірпік қақпай айлы түнде,

    ...

    Ойлағаның бекер ме  екен,

    ...

    Шын сезімге жоқ тиым,

     ...

     Талмайды көп атқан таңнан,

      ...

     

   Қосылып:

Қатар ұшқан бақ құсыңмен,

...

Жүрегіме шоқ түсірген

...

Серік етіп сары күзді,

...

Тағдыр қосса жолымызды

...

 

2.Күн келеді тағы да анық,

    ...

    Бірі мұңсыз, бірі мұңды,

    ...

    Мұңға батып жаным жүдеп,

     ...

 

Тыңдаушыларды екі топқа бөліп, бірінші топ Қайраттың сөздерін, екінші топ Бақыттың сөздерін айтып жаттығады.

 

4.2. Сабақты бекітуге арналған  жаттығулар

Ән шумақтарын ретімен орналастырыңыз.

    Кірпік қақпай айлы түнде,

    Жоғалттым деп бақытымды, ойлама.

    Төгіп көзден жақұтыңды

    Деп құшағын жайды кімге, ойлама.

 

    Шын сезімге жоқ тиым,

    Ойлағаның бекер ме  екен,

    Бәрі жаным өтер-кетер, жай ғана.

    Бұл өмір жолы қиын, болса да.

   

    Өз бақытын тапқан жандар, қаншама.

    Талмайды көп атқан таңнан,

    

     Жүрегіме шоқ түсірген

     Қатар ұшқан бақ құсыңмен,

     Өткеніңді сағынарсың.

     Көктеміңді сағынарсың.

 

    Серік етіп сары күзді,

    Сағыныштан арыларсың.

    Тағдыр қосса жолымызды

     Жалғыздықтан жабығарсың.

 

    4.3. Интеллектуалды ойын өткізу

Өлең жолдарын қайталату.

  5. Тіл дамыту жұмыстары

Келесі тапсырма бойынша тіл үйренушілер  өлең жолдарын еске түсіріп, шағын әңгіме құрастырады.

1- тыңдаушы

Көз жасын төгіп, бақытын жоғалттым деп ойлайды.

2-тыңдаушы

Ұйқысы келмей, сүйгенін  ойлайды .

3-тыңдаушы

Сүйгені туралы көп ойлайды...

 

Осылай тыңдаушылар әннің мазмұнын толық айтып шығады.

 

6.Релаксация.

«Ойлама» әнін караокеге қосылып орындау.

 

Қайрат : Төгіп көзден жақұтыңды,

                 Жоғалттым деп бақытымды, ойлама, ойлама.

Бақыт:    Кірпік қақпай айлы түнде,

                 Деп құшағын жайды кімге, ойлама.

Қайрат :  Ойлағаның бекер ме  екен,

                  Бәрі жаным өтер- кетер, жай ғана.

Бақыт:    Шын сезімге жоқ тиым,

                  Бұл өмір жолы қиын, болса да.

Қайрат :  Талмайды көп атқан таңнан,

                  Өз бақытын тапқан жандар, қаншама.

              Қосылып:

         Қатар ұшқан бақ құсыңмен,

         Өткеніңді сағынарсың.

         Жүрегіме шоқ түсірген

         Көктеміңді сағынарсың.

         Серік етіп сары күзді,

         Жалғыздықтан жабығарсың.

         Тағдыр қосса жолымызды

         Сағыныштан арыларсың.

Қайрат :  Күн келеді тағы да анық,

                  Бізге деген бағын алып.

Бақыт:    Бірі мұңсыз, бірі мұңды,

                  Сезім деген тұнығыңды лайлама.

Қайрат :  Мұңға батып жаным жүдеп,

                 Тағдыр жолы тарылды деп, ойлама.

 

Сабақты қорытындылау

Қазақ тілін оқыту үдерісінде қатысым әрекетін қалыптастыруда инновациялық

                                               технологияларды тиімді қолдану

 

Қазіргі қоғам талабы, мемлекеттік тілге қажеттіліктің артуы, оның қоғамдық аясының кеңеюі оқыту әдістемелерін жақсартуды, оқытудың жаңа технологияларын қолдануды қажет етеді. Оқытушылардың алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану. 
Ендеше, менің қарастыратын тақырыбым «Қазақ тілін оқыту үдерісінде қатысым әрекетін қалыптастыруда инновациялық технологияларды тиімді қолдану».
Тілді сапалы оқыту мен үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру тіл білімі мен әдістеме ілімінде жаңа әдістің – қатысым әрекетінің пайда болуына ықпал етті. Сондықтан тілдік қатынас құбылысына тікелей байланысты мәселенің қатарына қатысымдық әрекет, оның оның оның ерекшеліктері мен қағидалары енеді.
Қатысымдылыққа бағытталған ұстаным - тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алуы үшін қажетті коммуникативтік мүмкіндіктерін тудыруға бағытталған оқыту. Қатысымдық бағыттағы ұстаным оқу жұмысының алдына қойған мақсаттарын айқындауға септігін тигізеді.
Қатысым әрекеті дегеніміз не?
Қатысым әрекетін ғылыми тілмен айтқанда  – тілдік коммуникация деп атаймыз.

 

оның ерекшеліктері мен қағидалары енеді.

Қатысымдылыққа бағытталған ұстаным - тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алуы үшін қажетті коммуникативтік мүмкіндіктерін тудыруға бағытталған оқыту. Қатысымдық бағыттағы ұстаным оқу жұмысының алдына қойған мақсаттарын айқындауға септігін тигізеді.

Қатысым әрекеті дегеніміз не?

Қатысым әрекетін ғылыми тілмен айтқанда  – тілдік коммуникация деп атаймыз.

ерекшеліктері мен қағидалары енеді.
Қатысымдылыққа бағытталған ұстаным - тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алуы үшін қажетті коммуникативтік мүмкіндіктерін тудыруға бағытталған оқыту. Қатысымдық бағыттағы ұстаным оқу жұмысының алдына қойған мақсаттарын айқындауға септігін тигізеді.
Қатысым әрекеті дегеніміз не?
Қатысым әрекетін ғылыми тілмен айтқанда  – тілдік коммуникация деп атаймыз.

ерекшеліктері мен қағидалары енеді.
Қатысымдылыққа бағытталған ұстаным - тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алуы үшін қажетті коммуникативтік мүмкіндіктерін тудыруға бағытталған оқыту. Қатысымдық бағыттағы ұстаным оқу жұмысының алдына қойған мақсаттарын айқындауға септігін тигізеді.
Қатысым әрекеті дегеніміз не?
Қатысым әрекетін ғылыми тілмен айтқанда  – тілдік коммуникация деп атаймыз.

  Қазіргі қоғам талабы, мемлекеттік тілге қажеттіліктің артуы, оның қоғамдық аясының кеңеюі оқыту әдістемелерін жақсартуды, оқытудың жаңа технологияларын қолдануды қажет етеді. Оқытушылардың алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану.

Ендеше, менің қарастыратын тақырыбым «Қазақ тілін оқыту үдерісінде қатысым әрекетін қалыптастыруда инновациялық технологияларды тиімді қолдану».

Тілді сапалы оқыту мен үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру тіл білімі мен әдістеме ілімінде жаңа әдістің – қатысым әрекетінің пайда болуына ықпал етті. Сондықтан тілдік қатынас құбылысына тікелей байланысты мәселенің қатарына қатысымдық әрекет, оның ерекшеліктері мен қағидалары енеді.

Қатысымдылыққа бағытталған ұстаным - тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алуы үшін қажетті коммуникативтік мүмкіндіктерін тудыруға бағытталған оқыту. Қатысымдық бағыттағы ұстаным оқу жұмысының алдына қойған мақсаттарын айқындауға септігін тигізеді.

Қатысым әрекеті дегеніміз не?

Қатысым әрекетін ғылыми тілмен айтқанда  – тілдік коммуникация деп атаймыз.

Коммуникация термині (латын тілінен аударғанда Communicatio - байланыс, қатынас) – араласу, ойлармен, идеялармен, деректермен бөлісу деген мағынаны береді. 

  Ғалым Ф.Ш.Оразбаева қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасап, мынадай анықтама береді: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі».

Ф.Ш.Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, сөйлесім процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалаған.  Оқытуда қатысым әрекетінің барлық түрлері (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, сөйлесім) параллель түрде кезектесіп жүріп отырады. Сөйлесім - қатысым әрекетінің ең жоғары шарықтау шегі. «Сөйлесім – адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсіп, өзара пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсінуі және оған жауап қайтаруы». Тіл үйренуші қатысым әрекетінің тыңдалым, жазылым, оқылым, айтылым түрлерін толық меңгерген кезде ғана өз дәрежесіндегі сөйлесімге қол жеткізе алады.

Оқыту барысында қатысымдық әдістің үш түрлі қолданылу формалары қарастырылады.

Оқытуда қатысым әрекеттерін өткізу барысында инновациялық технологияларды ұтымды  қолдана білгенде ғана сабақ өз нәтижесін береді.

Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Яғни, күнделікті сабағымызға жаңалықтар енгізіп, инновациялық технологияларды тиімді қолдана білу өнер болып табылады.

 «Технология» - грек сөзі. Техно – өнерпаздық, шеберлік, logos – білім деген мағынаны білдіреді. Педагогика тіліне аударсақ, педагогикалық шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымды білдіреді.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:

-модульдік оқыту технологиясы (М.Жанпейісова, В.М.Манахов,     

  Қ.Қабдықайыров)

- сын тұрғысынан ойлау технологиясы (Дж.Стилл, Чарльз Темпл)

- дамыта оқыту технологиясы (В.В.Давыдов, Д.Б.Элькконин);

- ұжымдық оқыту технологиясы (А.Г.Ривин, В.К.Дяченко)

- проблемалық оқыту технологиясы (М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин,

   Г.Ю.Ксензова)

- жобалап оқыту технологиясы (Джон Дьюй, Уильям Херд Килпатрик)

- деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту технологиясы;

- миға шабуыл технологиясы (Ж.Ж.Озборн)

Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, тыңдаушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.

 Осыған орай , жоба«Модульдік оқыту» технологиясы деп аталады.

Модуль  –  (лат. Modulus–мерочка) –  латын тілінен аударғанда өлшем деген мағынаны береді.  (Д.Н.Ушаков. Большой толковый словарь)

С.И.Ожегов: «Модуль дегеніміз – белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі».

Яғни, модуль – тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір–біріне байланысты элементтердің жиынтығы.

Модульдік технология дегеніміз – білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы.

Жобаның мақсаты: сабақтардың модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, жобалаудың тиімділігін анықтау.

Жобаның міндеттері:

- Модульдік оқыту технологиясының мазмұнымен таныстыру;

- Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау;

- Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін анықтайтын сабақ үлгісін құрастыру;

- Модульдік оқыту технологиясының білім сапасына әсері;

- Модульдік оқыту технологиясы арқылы сабақты жоспарлаудың маңыздылығы.

 М.М.Жанпейісованың технологиясында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады:

1.Кіріспе бөлімі

2. Негізгі бөлім (Сөйлесу бөлімі)

3.Қорытынды бөлімнен тұрады.

         Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті. Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт негізгі бөлімінің меншігінде болады.

Кіріспе бөлімінде оқытушы тыңдаушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады, яғни модульге, тақырыпқа, модульге енгізеді.

Негізгі бөлімде тыңдаушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сабақтарында жүзеге асырылады. Негізгі бөлімде танымдық процесс тыңдаушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқу модулінің негізгі бөлімінің ерекшелігі, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану тыңдаушылардың оқу материалына бірнеше мәрте қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Қорытынды бөлімі – бақылау жүргізу, бекіту,тексеру жұмыстары. Қорытынды бөлімде тыңдаушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Атқарылатын жұмыс түрлері: диктант жаздыру,  шығармашылық диктант, сөздік диктант, шағын шығарма жаздыру, жағдаяттар бойынша жұмыс, бақылау жұмыстарын алу, тест түрлерін өткізу, әңгіме құрастыру, сөйлесімді тексеру, диспут, дискуссия жүргізу, сайыс сабақтарын өткізу.

Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:

1. Уақыт үнемделеді.

2. Сабақтың сапасын көтереді.

3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады.

4. Тыңдаушылардың танымдық қабілеттерін арттырады, белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сөздік қоры молаяды, шығармашылық қабілеттерін арттырады, қарым-қатынасқа түседі, ауызша және жазбаша тілін дамытады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясына келсек, бұл американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Мақсаты: барлық жастағы тыңдаушыларға кез кеген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

«СТО-ды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?
• Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік береді;
• Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігі;
• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы;
«СТО- ды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?

• Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы :

Қызығушылығын ояту

Мағынаны ажырату 

Ой толғаныс

Қызығушылығын ояту  – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылығын оятады, ынтасын арттырады.

Мағынаны ажырату– оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсінеді, зерттейді, меңгереді.

Ой толғаныс – талқылайды, қабылдайды, тұжырымға келеді, қорытындылау, жаңа білімді бекіту.

Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орнымен пайдаланған ұтымдырақ болады.
Жалпы стратегияларының саны 100 – ден асады.

Қызығушылығын ояту кезеңінде: Топтау, Миға шабуыл, Ойлану, Жұпта талқылау, Болжау кестесі, Әлемді шарлау, тірек сөздер.

Мағынаны ажырату кезеңінде: İNSERT, RAFT, ДЖИКСО, Кубизм,Т кестесі, Бұрыштар, Аквариум, Бағытталған оқу, Венн диаграммасы, Үш қадамды сұхбат.
Ой толғаныс кезеңінде: Эссе, Жоба қорғау стратегиясы, Семантикалық кесте, Еркін жазу, Блум таксономиясы, Сұрақтар стратегиясы, Синквейн, пирамида т.б. түрлері қолдану тиімді.

     Өздеріңіз көріп отырғандай технологиялар әртүрлі әдіс-тәсілдердің жиынтығынан тұрады. Белгілі ғалым Н.Ф.Талызина «Инновациялық технологияларды қолданудағы негізгі міндет: сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді таңдай білу» - деген болатын.

     Қазір сіздерге оқыту барысында өз сабақтарымда пайдаланып жүрген, тиімді деп санайтын  әдіс-тәсілдерге тоқталып өтейін.

«Ақындар айтысы» сайысы қарапайым, базалық топ тыңдаушыларына  жаңа сөздерді меңгертуде ойнатуға болады. Алдымен тыңдаушыларға айтыс туралы түсінік беріп кету керек. Сайыс екі тыңдаушының арасында өтеді. Мысалы: қарапайым топта «Үндестік заңы» тақырыбын өткенде ойнатуға болады.1-айтыскер (ойыншы) жуан сөздерді айтса, 2-айтыскер жіңішке сөздерді айтуы шарт.  Мақсаты: тыңдаушылардың жуан және жіңішке сөздерді ажырату, сөздік қорларын молайту.

«Жоба қорғау» стратегиясын қорытынды сабақтарда, тақырыпты  бекіту  кезінде өткізген тиімді. Мақсаты: Сабақта өтілген материалды бекіту, пысықтау, тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді тиісті  қолдана білу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

В1 Орта деңгей тобында «Өз үйім - өлең төсегім» тақырыбын өту барысында өткіздім. Бұл әдісті өткізу барысында тыңдаушыларды екі топқа бөліп алдым.

 «Шығыс» және «Алтай» құрылыс компаниялары үй салуға  тендер ұтып алу үшін бәсекеге түсіп, өз жобаларын қорғаулары керек. Шарты: неше қабатты баспана, қандай құрылыс материалынан салынады, салынатын үйдің ерекшелігі, жұмсалатын қаржы, үйдің бағасын қағаз бетіне түсіріп әр топ өз жобаларын қорғау керек.

Қолданылатын сөздер: сапалы, жарық, жайлы,  аббаттандыру,  көгалдандыру, еңсесі биік, ойын алаңы, қабатты үй, құрылыс техникасы т.б.

Бұл әдістің тиімділігі тыңдаушылар сабақта өтілген сөздерді ұтымды пайдалана білді,  қызығушылықтары артты, екі топ пікірталасқа түсіп, көзделген мақсатыма жеттім.

         «ПОПС» әдісінде тыңдаушылар өз позицияларын ұстанады.

П – позиция (өз көзқарасын айтады) – менің ойымша ...

О – өз көзқарасыңды негіздеу(көзқарасына түсініктеме береді) – себебі ...

П – дәлел (факт, мысал келтіреді) – мысал...

С – Шешім (қорытынды шығарады) – сол себепті, сондықтан... 

Мысалы, В1 Орта деңгей тыңдаушыларына «Денсаулық – зор байлық» модулінде «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» тақырыпшасын өту барысында жүргіздім.Тыңдаушылар берілген пікір бойынша ПОПС әдісін қолдана отырып, пікірлерін білдіреді.Мысалы, Ғалымдардың айтуынша: «Аурудың асқынуына адам бойындағы негізгі үш жаман әдет ықпал жасайды: ашкөздік, ызақорлық, надандық». Тиімділігі: лексикалық минимумды есте сақтау, тұжырымдама бойынша пікірлерін білдіру, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қызығушылықтарын, ынталарын арттыру.

         Қорыта келе, қазақ тілін оқытуда қатысым әрекетін қалыптастыруда инновациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып мынадай міндеттерді шешеміз:

- тыңдаушылардың білім сапасы жоғарылайды;

- білім-білік дағдылары қалыптасады;

- қызығушылықтары, танымдық қабілеттері артады;

- сөйлесім әрекеттері дамиды;

- шығармашылық қабілеттері артады;

 Ендеше,  инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақтарымызда тиімді пайдалана білсек сабағымыз нәтижелі болмақ.

"7 дней " облыстық газеті

"Алдаспан " облыстық газеті

"Рудный Алтай" облыстық газеті

bottom of page